Түркістан полицейлері алтын бұйымдарды ұрлаған қойшыны ұстады

Screenshot_1.jpg

Сарыағаш  АПБ-ға жергілікті тұрғын әйел арызданған. Оның айтуынша өзінің тұрғын үйіне белгісіз біреулер кіріп жатын бөлмеде тұрған алтын бұйым әшекейлерін жымқырып кеткенін айтқан. Жәбірленушіге келтірілген шығынның көлемі 400 000 теңгені құрады.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеп, іздестіру жұмыстарын бастап кетті. Нәтижесінде білікті қырағы сарыағаштық полицейлер тәулік ішінде күдікті ер азаматты  анықтап  полиция бөліміне жеткізді.

Белгілі болғандай, күдікті ер азамат  жәбірленушінің қойшысы  болып шықты. Әйелдің үйінен шығып кеткенін көрген қойшы өз арам ойын жүзеге асырған. Қазіргі таңда қолды болған әшекейлер толықтай заңды иесіне қайтарылды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары күдікті ер адамға қатысты тергеу амалдарын жалғастыруда. Әшекей бұйымдарының табылғанына қуанған тұрғын полицейлерге өз алғысын айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі. 

Түркістан облысының полицейлері бағалы заттарыңыз бен әшекей бұйымдарыңызға мұқият болуларыңызды ескертеді. 

ТО ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • О трансформации Конституции Республики Казахстан в условиях современных реформ
  • «Президенттік республика» − Конституцияда еліміздің басқару нысаны нақтыланды
  • Елде 400-ден астам жаңа дәрі-дәрмек өндіріледі
  • 2040 жылға қарай ғылым қайда барады?
  • Павлодар облысында мас күйінде көлік жүргізген шенеунік жұмыстан шығарылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер