Жетісайлық полицейлер саптық тексеріс өткізді

Screenshot_13.jpg

Полиция қызметкерлері күнделікті халықпен тығыз қарым-қатынаста қызмет атқаратын болғандықтан, оның сыртқы келбеті мен нысандық киім кию үлгісінің талапқа сай болуы өте маңызды. Қызметкерлердің жинақы және ұқыпты сырт келбеті азаматтардың полицияға деген сенімінің артуына, полицияның оң имиджінің қалыптасуына тікелей ықпал тигізеді. Осыған байланысты, Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығының талабына сәйкес, Жетісай ауданы полиция бөлімінің саптық алаңында жеке құрамды толық жинап, саптық тексеру өткізілді. 

Саптық тексеруде полиция қызметкерлерінің сыртқы келбеті жинақы, таза әрі ұқыпты болуына және нысандық киім кию үлгісінің талапқа сай болуына басты назар аударылып, сонымен бірге қызметтік куәліктерінің түгелдігі, жарамдылық мерзімі, лауазымы мен арнайы атағының сай келуі және бейнежетондары мен планшеттердің жұмыс істеп тұруы тексерілді. Анықталған елеусіз кемшіліктерді жою бойынша тиісті басшыларға тапсырмалар берілді.

Бұдан бөлек, саптық тексеруден кейін Жетісай АПБ-нің жеке құрам қызметкерлері әдеттегідей әр аптаның жұма, сенбі күндері жол-көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау және де жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Жетісай ауданындағы жол апаты орын алуы ықтимал жолдарға, көлік қозғалысы көп Жетісай қаласына және Асықата кентіне рейдтік-профилактикалық іс-шаралар жүргізу үшін бөлініп, тиісті бағыттарда жұмыстар атқаруда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қытай COVID-19 пандемиясы туралы сенсациялық мәлімдеме жасады
  • Екпе аутизмді тудыра ма? Денсаулық сақтау министрі түсіндірді
  • Кәрім Мәсімовтәң зәулім үйі тәркіленді
  • Президент Әкімшілігі Алматы әкімі қызметінің тиімділігіне сараптама жүргізеді
  • В городе Шымкент проведена информационно-разъяснительная работа в сфере религии
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер