Полицейлер жалғыз басты анаға көмектесті

Screenshot_10.jpg

Полицейлер жалғызбасты анаға көмектесіп, қайырымдылық жасады. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан облысының полицейлері уақытпен санаспайтын қиын да қауіпті жұмыстарынан бөлек, әрдайым көпбалалы, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларына қолдау көрсетіп, демеушілік жасап тұрады. Мысалы, Арыс АПБ бастығының бастамасымен, жеке құрам қызметкерлерінің қолдауы арқылы, кезекті отбасына қайырымдылық жасалды.

Аудандық тәртіп сақшылары 3 баланы жалғыз өзі өсіріп отырған Әлия Пакентаеваның үйіне арнайы барды. Күйеуі қайтыс болып, бар ауыртпалық өзіне түскен ананың қал-жағдайын біліп, аталған жанұяға күнделікті қажетті азық-түлік апарып берді. 

Өз кезегінде жалғызбасты ана полицейлердің ізгі амалына риза болып, қызметтеріне табыс тіледі. «Арыстық полицейлер, қашанда жасаған жақсылықтарың Алладан қайтсын! Сіздердей қамқор, қорған болатын полицейлердің барына қуанамыз. Жұмыстарыңызға сәттілік. Осылай халықты қолдарыңыздан келгенше қуантып, тек алғысын алып жүре беріңіздер!»-деп атап өтті Ә.Пакентаева. 

Ал, арыстық тәртіп сақшылары «Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету басты міндетіміз болса да, жұртшылыққа жанашыр болу біздің күн тәртібімізден түскен емес. Қажет болса, азық-түліктей, киімдей, қаржылай көмек береміз. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын таба бермек» дейді.

Иә, жалпы алғанда полиция қызметкері – халықтың қорғаны. Олардың қылмысты ашуда, қауіпсіздікті сақтауда атқарған еңбегі ұшан-теңіз. Ал адамгершілік тұрғысында атқарып жатқан жұмысы өздеріңіз көріп отырғандай, ауыз толтырып айтарлықтай дәрежеде. Ендеше, алғыс арқалаған полицейлер аман болсын!

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазгидромет: Аптап ыстық болады
  • Отбасының кірісі мен шығысы есептеледі: АӘК жаңа тәртіппен тағайындалады
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Ақорда резиденциясында қарсы алды
  • Starlink Қазақстанмен ресми түрде келісімге қол қойды
  • Мәжіліс депутаты Астанада жұмыс күнін сағат 7-ден бастауды ұсынды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер