Өрескел ереже бұзып қолға түсті

Жетісайлық полицейлер жол ережесін бұзған жүргізушіні жауапқа тартты. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Instagram» парақшасының бірінен «Лада Приора» маркалы автокөлігінің жүргізушісі,  жол жүрісі ережесін өрескел бұзғаны туралы бейнежазба жарияланған болатын. Жетісай АПБ-нің қызметкерлері бейнежазбадағы жүргізуші кім екенін анықтау мақсатында жедел әрекет етті. Жан-жақты жүргізілген іздестіру шаралары нәтижесінде, «Лада Приора» автокөлігін басқарған  жергілікті тұрғын, жас жігіт болып шықты.

Жүргізушіге  жол ережесін бұзып, авариялық жағдай  туғызғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 606 бабы 1-бөлігімен,  маневр жасау ережесін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 595 бабы 1-бөлігімен хаттама толтырылды. Сонымен қатар, тексеру барысында жүргізуші куәлігін алмай көлік құралын басқарғаны анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 612 бабы 2-бөлігімен  көліктің техникалық тексеруден өтпегені анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 590 бабы   9-бөлігімен хаттама толтырылды.

Жас жүргізуші жасаған әрекетін мойындап, сол үшін көпшіліктен кешірім сұрады. Сондай-ақ алдағы уақытта бұндай жағдайды қайталамауға уәде берді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Председатель ФПРК: «Новая Конституция – закон, в котором ценность человека выше системы»
  • Н.Әуесбаев: Жаңа Конституцияда Президент өкілеттілігі бір рет қана 7 жылдық мерзім бекітіледі
  • Жаңа Конституция – болашақ ұрпаққа арналған берік қалқан – Самат Нұртаза
  • Ауданда мәселелер рет-ретімен шешімін табуда
  • Қырғызстан халқының саны 7,4 млн адамға жуықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер