Мас жүргізуші куәлігінен айырылып сотталды

Screenshot_3.jpg

Түркістан облысында мас халде көлік басқарған  жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сарыағаш  ауданы ПБ-ның полиция қызметкерлері күнделікті жұмыстарын жүргізу барысында сағат 01:30 шамасында, жол ережелерін бұзып келе жатқан «Нексиа» маркалы автокөлігін тоқтатты. Оны тексеру кезінде полицейлер жүргізушінің мас күйіне күдіктеніп, медициналық сараптама тағайындады. Сараптама қорытындысы бойынша жүргізушінің мас екені анықталды. 

Полиция қызметкерлері аталған жайты ӘҚБтК 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша тіркеді. Осылайша полиция қызметкерлері аталған жайтқа байланысты іс-құжаттарды жинақтап, заңды шешім қабылдау мақсатында Сарыағаш  аудандық сотына жолдады. Сот жүргізушіні ӘҚБтК 608-бабына сәйкес кінәлі деп танып,  көлік иесін 7 жылға автокөлік басқару құқығынан айырып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алуға үкім етті. 

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Сондай-ақ мас халде көлік басқарып, өзіңізбен қоса өзгенің де өмірін қатерге тікпеу керектігін ескертеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үкіметте Техноқала құру талқыланды
  • Қазақстанның қандай кедендік бекеттері жаңғыртылды
  • Назарбаев университетінің жатақханасынан студенттің денесі табылды
  • Қос аяғынан айырылған қыз баланы оңалту шараларын мойнымызға аламыз — министр
  • Қазгидромет: Аптап ыстық болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер