Бердібек Сапарбаев дүрбелең кезде алаңға қалай қорықпай шыққанын айтты

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев дүрбелең кезде алаңға шыққанын айтты. Ол алаңда халықпен диалог орнатып мәселені бейбіт шешуге, халықтың тұтастығын сақтауға барын салғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында хабарлады.

Screenshot_2.jpg

"Алаңға шыққанда ешқандай қорқыныш болмады, мен өз халқымның алдына шықтым. Ал енді менің алаңға шығып, басу айтуым, ол біріншіден, менің азаматтық борышым. Екіншіден, осы өңірдің басшысы болғаннан кейін, ол менің басты міндетім. Қазір кейбір БАҚ-тан Сапарбаев алаңға шықпады дегенді оқып жатырмын. Мен өз өзімді алдап қайтемін. Халық соқыр емес, құлағы керең емес. Дүрбелең басталғалы күн-түн демей, осында жүрдім. Менің ең негізгі міндетім халықтың ішіне іріткі салдырмау, халықтың тұтастығын сақтау болды. Байқасаңыздар, ешқандай қару-жарақ қолданылған жоқ, ешкімді ешкім атқан жоқ. Алайда жағдай бақылаудан шығып, тәртіп пен заң бұзылғаннан кейін, әрине, қару пайдаланылды. Оның үстіне, төтенше жағдай мен комендаттық режим енгізілді", - деді Бердібек Сапарбаев.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Председатель ФПРК: «Новая Конституция – закон, в котором ценность человека выше системы»
  • Н.Әуесбаев: Жаңа Конституцияда Президент өкілеттілігі бір рет қана 7 жылдық мерзім бекітіледі
  • Жаңа Конституция – болашақ ұрпаққа арналған берік қалқан – Самат Нұртаза
  • Ауданда мәселелер рет-ретімен шешімін табуда
  • Қырғызстан халқының саны 7,4 млн адамға жуықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер