Білім министрі марқұмдардың балалары университетте тегін оқитынын айтты

Бұл туралы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов  айтты деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Screenshot_2.jpg

"Қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде міндеттерін өтеу барысында қаза тапқан әскери қызметшілер, құқық қорғау және  арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлерінің балалары университетте оқуы үшін білім грантын беру  ұсынылады. Бұл да Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылады. Білім және ғылым министрлігі Президенттің берген тапсырмаларын уақытылы әрі сапалы жүзеге асырады", - деді министр.

Сондай-ақ Аймағамбетов жоғары білімге қолжетімділікті арттыру бойынша халық тығыз орналасқан өңірлер мен білім беру саласында үлкен алшақтығы бар өңірлерде нысаналы грант бөлінетінін айтты.

"Гранттар Қазақстанның жетекші ЖОО-ларында оқу үшін бөлінеді. Олар оқу бітірген соң негізгі тұратын жер бойынша жұмыс өтеу көзделеді. Президенттің техникалық мамандыққа басымдық беру тапсырмасы негізінде бұл саладағы грант саны 60 пайызға көбейеді", - деді ол.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Председатель ФПРК: «Новая Конституция – закон, в котором ценность человека выше системы»
  • Н.Әуесбаев: Жаңа Конституцияда Президент өкілеттілігі бір рет қана 7 жылдық мерзім бекітіледі
  • Жаңа Конституция – болашақ ұрпаққа арналған берік қалқан – Самат Нұртаза
  • Ауданда мәселелер рет-ретімен шешімін табуда
  • Қырғызстан халқының саны 7,4 млн адамға жуықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер