Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа шабуыл жасалды

Screenshot_28.jpg

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа шабуыл жасалды.  Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Мұндай мәліметті әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров растады.

Әкім орынбасарының айтуынша, оқиға 5 қаңтарда болған. Бұл кезде Сағынтаев шұғыл әрекет ету штабынан шығып, әкімдікке бара жатқан. Еске салайық, дәл осы күні шаһарда жаппай тәртіпсіздіктер мен қарақшылық қызған еді. Сол күні Бақытжан Сағынтаев отырған автокөлік Назарбаев көшесімен солтүстік бағытта жүріп бара жатқан. Жүргізуші солға қарай, Сәтбаев көшесіне жетпей, әкімдік ғимаратына бұрыла бергенде автоматтан оқ атылған.

Алматы әкімі отырған көлік оқиға орнынан сытылып үлгерген. Сағынтаев жарақат алмағаны белгілі болды.

Алайда, амал не, «Алматы» телеарнасының жүргізушісі қаза болған. Оның автокөлігі әкімнің көлігінің соңынан жүріп келе жатыпты. Әкімдіктің тағы екі қызметкері жарақат алған: спорт басқармасының басшысы Рустам Байсейітов пен дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Кикимов. Оларға операция жасалған, қазіргі уақытта жағдайы тұрақты,- дейді Бабақұмаров.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Текесу тұрғын алабында сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды
  • Координирующая роль в регионе во многом предоставлена именно Казахстану – политолог Эдуард Полетаев
  • Аким Шымкента вручил ключи новосёлам в рамках модернизации района "Зелёная балка"
  • Көксай шағынауданы тұрғындарына жаңа пәтер кілттері табысталды
  • Бүгінде Қазақстан теңізге шыға алмайтын ел санатына жатпайды — БҰҰ Бас хатшысы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер