Шымкентте мәжіліс депутаты журналистермен кездесті

Шымкенттегі Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Фахриддин Қаратаев жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті. Мәжілісмен журналистерге Парламент қабырғасында атқарып жатқан жұмыстары, елімізде жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың барысы туралы баяндады. 

image.png

– Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутат ретінде біз үшін этносаралық татулық пен қоғамдық келісім мәселесі  айрықша маңызға ие. Бүгінде елімізде барлық этностардың тілі мен мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрін сақтауға жағдай жасалған. Ұлттық мектептердің, театрлар мен ақпарат құралдарының жұмыс істеп тұрғаны – соның айғағы. Түрлі этнос жастарының білім алуына, кәсіппен айналысуына, қоғамдық өмірге белсене араласуына ешқандай кедергі жоқ. Осы орайда, журналистер қауымы Қазақстан халқының ынтымақ-бірлігін нығайта түсетін, түрлі этнос өкілдерінің татулығы мен достығын насихаттайтын материалдарды көбірек таратса, ал, жалған хабарлар мен арандатушы ақпараттардан аулақ болса деген тілегіміз бар, – деді Ф.Қаратаев. 

Кездесу барысында халық қалаулысы журналистермен еркін пікір алмасып, ел өміріндегі маңызды мәселелерді талқылады. 

Айдар ҚҰЛЖАНОВ.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа заң: ҚМДБ бетті толық жабуға қатысты мәлімдеме жасады
  • Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
  • Қазақстаннан Қытайға 1500 киікті беру процесі қалай іске асады
  • Елімізде барлық пойызға бейнекамера орнатылмақ
  • Ауылдардағы интернет сапасын жақсарту: Халықаралық қайта құру банкінен қаржы тартылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер