Шымкентте 25 мыңнан аса тұрғын кәріз жүйесімен қамтылды

Шымкент қаласы тұрғындарын кәріз жүйесімен қамту көрсеткішін арттыру мақсатында биыл 13 нысанның құрылыс жұмыстары басталған. Оның үшеуі магистралды кәріз коллекторы болса, 10 елдімекенге ішкі жүйелер тартылды. 

image.png

Бүгінде Тұран шағынауданындағы кәріз сорғы станциясының құрылысы аяқталып, ондағы көп қабатты тұрғын үйлер кәріз жүйесіне қосылды. Одан бөлек, Наурыз шағынауданының 3,5 мың және Самал-1 шағынауданындағы 22 мыңдай тұрғын кәріз жүйесіне қосылды. Нәтижесінде қала тұрғындарын кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 52,3 пайыздан -  54 пайызға өсті.

Ал, Арғынбеков және Тұран магистралды кәріз коллекторларының құрылысы келер жылы аяқталмақ.  Самал-2, Самал-3, Достық, Асар-2, Тассай, Мирас, Шапағат, Ұлағат, Солтүстік-Шығыс елдімекендеріндегі құрылыс жұмыстары да  2022 жылға өтпелі. 

2022-2025 жылдары қаланың оңтүстік, солтүстік бөлігінің кәріз жүйесімен қамту жоспарына сәйкес, 2 дана кәріз – тазалау ғимаратының, магистралдық коллекторлардың және елдімекендердің ішкі жүйелер құрылысын жүргізу жоспарлануда. 2025 жылы қаланың кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 75 пайыз болады. 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Председатель ФПРК: «Новая Конституция – закон, в котором ценность человека выше системы»
  • Н.Әуесбаев: Жаңа Конституцияда Президент өкілеттілігі бір рет қана 7 жылдық мерзім бекітіледі
  • Жаңа Конституция – болашақ ұрпаққа арналған берік қалқан – Самат Нұртаза
  • Ауданда мәселелер рет-ретімен шешімін табуда
  • Қырғызстан халқының саны 7,4 млн адамға жуықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер