Шымкент әкімі тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерді атады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қаланың Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне тоқталды. 

image.png

- «Тәуелсіздік жылдары Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында бүкіл еліміз, оның ішінде Шымкент қаласы қарқынды дамыды. Соңғы отыз жылда Шымкент қаласындағы халық саны 400 мыңнан қазір 1 миллионнан асты. 1991 жылы қалада 72 мектеп болса, бүгінде 202  мектеп өскелең ұрпаққа білім беруде. Тәуелсіздік таңы атқанда 68 мың оқушы болса, қазіргі таңда 250 мыңнан асатын оқушымыз бар. Мәдениет нысандары 52-ден 120-ға жетіп, спорт нысандары 337-ден 900-ге көбейді. 90-шы жылдары қалада 27 денсаулық сақтау нысандары болса, қазір ол 110-ға жетті. Шымкент тұрғындарының орташа жасы 63,9 жастан 71 жасқа артты», - деді М.Әйтенов.

Осы жылдар ішінде қалада өнеркәсіп өнім көлемі 10 млрд. теңгеден 670 млрд. теңгеге артқан. Қала бюджеті 1 млрд. теңгеден бүгінгі күнде 497 млрд. теңгеге өскен.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер