Шымкент: Шетелдік жұмыс күшін тартуға 322 бірлік квота бөлінді

Шымкент қаласында қазіргі уақытта еңбек ету үшін жұмыс берушіге рұқсат етілген 232 шетел азаматы тіркелген.

image.png

Биылғы жылдың қараша айында жұмыс ұсынушыларға шетелдік бағыт бойынша жұмыс күшін тартуға 322 квота бөлінді. Нәтижесінде 28 кәсіпорын мен ұйымдарда 232 шетелдік азамат жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен жұмыс атқаруда.

Шетел азаматтарына жұмыс жасау уақыты мен жұмыс істеуге рұқсат берудің шарттарын айқындау мақсатында жұмыскерлердің 4 түрлі санаты белгіленді. Олар:

1. басшылар және олардың орынбасарлары (9 адам)

2. екінші санат – құрылымдық бөлімшелердің басшылары (32 адам)

3. мамандар (270 адам), төртінші санат – білікті жұмысшылар (11 адам)

4. білікті жұмысшылар (11 адам).

Жыл басынан бері шетел күшін тартуға рұқсат бергені және ұзартқаны үшін бюджетке 119,0 млн теңге түскен.

Айта кету керек, шетел күшін тартқан жұмыс берушілер салық төлейтін болады. Сондай-ақ, жыл басынан бері шетел күшін тартуға рұқсат бергені және ұзартқаны үшін бюджетке 119,0 млн теңге түскен.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақ–қырғыз шекарасындағы өткізу пункті тәулік бойы жұмыс істеуге көшті
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ҰЛТТЫҚ МҰРАНЫ ӘЛЕМГЕ ТАНЫТУ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ТОҚТАЛДЫ
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨСУІ МЕН МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫН АТАП ӨТТІ
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА СЫР ӨҢІРІНІҢ ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖӘНЕ БҮГІНГІ ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫН АТАП ӨТТІ
  • Мемлекет басшысы Вице-президент лауазымын енгізуді ұсынды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер