Шымкентте 5 көшеде оң жақ өткел жұмыстары аяқталды

Шымкент қаласында көлік кептелісін болдырмау мақсатында көшелердің қиылысына оң жақ өткелін салу жұмысы қарқын алған.  Қалада оң жақ өткелдердің жалпы қажеттілігі – 45 орын болса, 2021 жылдың жоспары бойынша 8 көшедегі 10 орынға оң жақ өткел салынуда.image.png

Атап айтқанда, Сыпырған ата – Әль-Фараби, Сыпырған ата –Темірлан тас жолының қиылысы, Рысқұлов–Адырбеков, Арғынбеков–Өтегенов, Рысқұлов–Шаяхметов, Рысқұлов –Қазиев, Шаяхметов–Арғынбеков және Арғынбеков–Байтереков көшелерінің қиылысындағы құрылысты 3 мердігер мекеме жұмыс жүргізуде. 

Қазіргі уақытта оң жақ өткелдердің Сыпырған ата–Темірлан тас жолының, Арғынбеков–Өтегенов, Рысқұлов–Шаяхметов, Рысқұлов–Қазиев, Шаяхметов–Арғынбеков қиылысындағы бөліктері толық аяқталып, жол белгілері орнатылды. 

Аталған көшелерде жұмыс біткен соң 60 жол белгісі орнатылады. Осы жылдың сәуір айында басталған оң жақ өткелдердің құрылыс жұмыстарын жыл соңында аяқтау жоспарланған. 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазгидромет: Аптап ыстық болады
  • Отбасының кірісі мен шығысы есептеледі: АӘК жаңа тәртіппен тағайындалады
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Ақорда резиденциясында қарсы алды
  • Starlink Қазақстанмен ресми түрде келісімге қол қойды
  • Мәжіліс депутаты Астанада жұмыс күнін сағат 7-ден бастауды ұсынды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер