Тұрғындардың өтініші – басты назарда

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасы бойынша  Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов тұрғындарды кезекті рет онлайн қабылдады. 

image.png

Қабылдауға қатысқан тұрғындар  қоғамдық көліктердің кестесі мен шалғай елді мекендердегі ішкі орам көшелерді асфальттау және заңсыз салынып жатқан кәсіп нысандарына қатысты мәселені баяндады. 

Әкім орынбасары азаматтар көтерген мәселені дер кезінде шешімін табуы үшін басқарма басшыларына қолға алуды тапсырды. Сонымен бірге орындалуы тиіс шараларды өзі бақылауға алатынын жеткізді. 

Карантиндік талаптарға байланысты азаматтарды қабылдау WhatsApp желісінің видеоқоңырау жүйесі арқылы жүргізілді. Бүгінгі жеке қабылдауға қатысқан тұрғындар қала әкімдігінің ресми сайтына өтінім қалдыру арқылы жазылған.

Айта кетсек, қабылдауға жазылу үшін https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/activities/population?lang=kk сілтемесі арқылы өтінім қалдыра алады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Председатель ФПРК: «Новая Конституция – закон, в котором ценность человека выше системы»
  • Н.Әуесбаев: Жаңа Конституцияда Президент өкілеттілігі бір рет қана 7 жылдық мерзім бекітіледі
  • Жаңа Конституция – болашақ ұрпаққа арналған берік қалқан – Самат Нұртаза
  • Ауданда мәселелер рет-ретімен шешімін табуда
  • Қырғызстан халқының саны 7,4 млн адамға жуықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер