Шымкентте 5 мыңға жуық адам «Pfizer-Biontech» вакцинасын салдырды

Шымкентте эпидахуал тұрақты. Соңғы тәулікте ковидтің 15 жағдайы тіркелді (белгілері бар-14, белгілері жоқ-1). Оның ішінде 9 науқас инфекциялық стационарға жатқызылса, 6 науқас үй бақылауына алынды. 

image.png

Бір тәулік ішінде қалада 2 141 адам вакцина алды  (I компонент-653, II компонент-1 488). Егу науқаны басталғалы жалпы 581 009 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 543 020  адам вакцинаның екі компонентін алды. 

Осы жылдың 15 қарашасынан бастап 12-18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге "Pfizer-BioNTech" вакцинасын егу басталды. Вакцинаның 1-ші компоненті 4 973 адамға егілді.

Айта кетейік, коронавируспен күреске тұрақтандыру қоры арқылы қаржы қаралған. Қаланың медициналық ұйымдарында ковид індетіне қарсы екі айлық дәрілік заттар және медициналық бұйымдар қоры бар.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Председатель ФПРК: «Новая Конституция – закон, в котором ценность человека выше системы»
  • Н.Әуесбаев: Жаңа Конституцияда Президент өкілеттілігі бір рет қана 7 жылдық мерзім бекітіледі
  • Жаңа Конституция – болашақ ұрпаққа арналған берік қалқан – Самат Нұртаза
  • Ауданда мәселелер рет-ретімен шешімін табуда
  • Қырғызстан халқының саны 7,4 млн адамға жуықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер