«Тәуелсіздік және ұлттық рух» атты ашық есік күні өтті

Бүгін Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – «Жұлдызды 30 күн» жобасы аясында «Тәуелсіздік және ұлттық рух» атты ашық есік күні өтті. Мерекелік іс-шараға арнайы көрме ұйымдастырылып, мерекеге сай безендендірулер жүргізілді. 

image.png

Іс – шараға арнайы зиялы қауым өкілдері Б. Тіленшина, С.Олжабай, А.Бейбітбек, А.Мұратәлиева қатысып, Тәуелсіздік туралы өз ой-толғаныстарымен бөлісті.Сондай-ақ «Парасат», «Жеңіл өнеркәсіп және сервис» колледжі,Ө.Жолдасбеков атындағы №9 лицей, Ақпан батыр атындағы №10 мектеп оқушылары және «Алтын дән» балабақша бүлдіршіндері кешті жандандырып, Тәуелсіздікке жыр-шашуларын тарту етті.

Кеш тізгінін ұстаған кітапханашы Қ.Елекееваның жан тебірентерлік әндері, қос бүлдіршін Ермаханбет Нұрайлым мен Інжудің, «Алтын ғасыр» дуэті,М.Жаңбыровтың саксафондағы әуендері кеш қонақтарына керемет мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Кешті қорытындылаған кітапхана директоры Раушан Бабажанқызы  Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, белсенді ұстаздар мен  оқушыларды алғыс хатпен марапаттады.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткеніндей «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!».

#ҚазақстанТәуелсіздігіне_30жыл

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазгидромет: Аптап ыстық болады
  • Отбасының кірісі мен шығысы есептеледі: АӘК жаңа тәртіппен тағайындалады
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Ақорда резиденциясында қарсы алды
  • Starlink Қазақстанмен ресми түрде келісімге қол қойды
  • Мәжіліс депутаты Астанада жұмыс күнін сағат 7-ден бастауды ұсынды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер