Еңбекші ауданында көпсалалы спорт алаңшасы ашылды

Шымкент қаласы әкімінің бұқаралық спортты дамыту және жастарды салауатты өмір салтына баулу жөніндегі тапсырмасы бойынша Еңбекші ауданында биыл 18 спорт алаңшасы пайдалануға берілді. 

image.png

Тұрғындар игілігі үшін салынған алаңшалардың 16-сы бюджеттен қаралса, 2-і демеушілер есебінен салынған. 

Спорт алаңшаның 6-ы шалғай елді мекенде, 4-еуі жеке секторда және 8 алаңша көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында орналасқан.  

Ауданда тағы бір спорт алаңшасы пайдалануға беріліп отыр.   

Қарабастау тұрғын алабының жаңақұрылыс аймағында орналасқан көпсалалы спорт алаңшасында кіші футбол, волейбол және баскетбол  ойнауға мүмкіндік бар. Одан бөлек, «Street workout» пен тренажер элементтері де жасақталған. 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Председатель ФПРК: «Новая Конституция – закон, в котором ценность человека выше системы»
  • Н.Әуесбаев: Жаңа Конституцияда Президент өкілеттілігі бір рет қана 7 жылдық мерзім бекітіледі
  • Жаңа Конституция – болашақ ұрпаққа арналған берік қалқан – Самат Нұртаза
  • Ауданда мәселелер рет-ретімен шешімін табуда
  • Қырғызстан халқының саны 7,4 млн адамға жуықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер