Бітіруші сыныптар үшін жаңа үлгідегі мектеп

Енді Шымкенттік мектеп бітіруші түлектер мектеп бағдарламасы мен дайындық курсын арнайы методика негізінде бір жерде оқи алатын болады. 

image.png

Арғынбеков көшесі, 132/3 үйде орналасқан жаңа үлгідегі «125 HIGH SCHOOL» жекеменшік негіздегі мектеп 10-11 сынып оқушыларына арналған. Биылғы жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс істеп жатқан  мектепте ҰБТ-ға қатысатын  400 ден астам оқушыға 48 мұғалім ұлттық сынақтың жеті бағыты негізінде білім беруде. 

Жекеменшік білім ордасының директоры Оралхан Темірханұлының айтуынша, «125 HIGH SCHOOL» мектебі алғашында еліміздің 7 өңірінде оқу орталығы негізінде жұмысын бастаған. Қазір 27 орталық ішінде жетеуі мемлекеттік лицензиясы бар мектептер желісі болып жұмысын жалғастыруда.

Мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағдар берумен қатар, компьютерлік тестілеу, менторлық жүйе, «Коворкингті» орталық және балалардың сабақтан тыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында  мотивациялық іс-шаралар  ұйымдастыру  тиімді жүзеге асырылып келеді. 

Жаңа үлгідегі мектепте білім алушылардың 70 пайызы таңдау пәні ретінде химия-биология мен физика-математиканы таңдаған. Сонымен қатар, география –математика, дүниежүзі тарихы-ағылшын тілі және адамның қоғамдағы құқығы-тарих бағыттары бойынша дайындық курстарын оқуда.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Екпе аутизмді тудыра ма? Денсаулық сақтау министрі түсіндірді
  • Кәрім Мәсімовтәң зәулім үйі тәркіленді
  • Президент Әкімшілігі Алматы әкімі қызметінің тиімділігіне сараптама жүргізеді
  • В городе Шымкент проведена информационно-разъяснительная работа в сфере религии
  • Тоқаев: Қытай халқы қазақ халқына ешқашан зиян келтірген жоқ, болашақта да зиян келтірмейді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер