Заңды тұлғалар тапсыратын декларациялар мен заңнамадағы соңғы өзгерістер талқыланды

Аудан қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл туралы заңына енгізілген соңғы өзгертулер туралы» кеңінен түсіндірілді. Аталған тақыпта әкімдіктің мамандарына баяндаманы «Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласындағы филиалының басшысы Айжан Кесебаева  оқыды. 

image.png

Жиында  алдағы уақытта жеке және заңды тұлғалар тапсыратын декларациялар мен заңнамадағы соңғы өзгерістер туралы сөз қозғалды.  Айжан Өмірзаққызының айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қатаң өзгерістер енгізілуде. Мәселен 1 қаңтардан бастап жауапты мемлекеттік қызметті атқарушылар және оның жұбайлары декларация тапсырады. Ал жаппай декларациялаудың екінші кезеңін 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастау жоспарланған. 

Сондай-ақ, баяндамашы пара алу, беру және парақорлыққа делдал болу фактілеріне тоқталып, мұндай жағдайдың алдын алуда атқарылып жатқан жұмыстарды айтып өтті.

– Әр азамат сыбайлас жемқорлық көрністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда ғана халық сенімінен шығатынымыз сөзсіз. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, әр азамат мемлекет жүргізіп отырған саяси ұстанымдары мен бастамаларын қолдап, бұлжытпай орындаса Қазақстанның әлемдегі бәсекеге  қабілетті 50 елдің қатарына көрінетіні айдан анық, - деп қорытындылады Айжан Өмірзаққызы.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Екпе аутизмді тудыра ма? Денсаулық сақтау министрі түсіндірді
  • Кәрім Мәсімовтәң зәулім үйі тәркіленді
  • Президент Әкімшілігі Алматы әкімі қызметінің тиімділігіне сараптама жүргізеді
  • В городе Шымкент проведена информационно-разъяснительная работа в сфере религии
  • Тоқаев: Қытай халқы қазақ халқына ешқашан зиян келтірген жоқ, болашақта да зиян келтірмейді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер