Асарлықтар сапалы электр қуатымен қамтылады

Шымкент қаласы аумағына қарасты бірқатар елді мекендерін сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында абоненттеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 

image.png

Қазіргі таңда, «ОңтүстікЖарықТранзит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Асар-2 елді мекеніндегі жекеменшік желілерді ажыратып, мемлекеттік электр желілеріне қосу жұмыстарын жүргізуде. 

Бүгінде 60 отбасы жекеменшік трансформаторлардың әлсіз қуатымен берілетін жарықтың орнына сапалы электр қуатын тұтынып отыр. Қалған үйлерді тұрғындардың өз құжаттарын тапсыруына байланысты рет-ретімен жүргізілетін болады. 

Сондай-ақ, Асар-2 елді мекенінің тұрғындары электр қуатының 1 КвТ үшін 27-30 теңге төлеп келген болса, ендігіде тариф құны 16 теңгеге төмендейтін болады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Председатель ФПРК: «Новая Конституция – закон, в котором ценность человека выше системы»
  • Н.Әуесбаев: Жаңа Конституцияда Президент өкілеттілігі бір рет қана 7 жылдық мерзім бекітіледі
  • Жаңа Конституция – болашақ ұрпаққа арналған берік қалқан – Самат Нұртаза
  • Ауданда мәселелер рет-ретімен шешімін табуда
  • Қырғызстан халқының саны 7,4 млн адамға жуықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер