Шымкент әуежайының жолаушылар терминалының екінші кезеңі аяқталуға жақын

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес,  әуежайдың жаңа жолаушылар терминалының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.  Бүгінгі таңда жобаның бірінші кезеңі толығымен 100 пайызға орындалды. Ал жобаның екінші кезеңі бойынша құрылыс жұмыстары қарқын алған. Қасбеттік жүйелерді монтаждау жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда, жолаушылар терминалы құрылысының 80 % жұмыстары орындалды. 

image.png

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов әуежайдың жаңа жолаушылар терминалының құрылыс жұмыстарымен танысты. Одан бөлек Мақсұт Пернебайұлы әуежай аумағын абаттандыруға арналған жобалардың жүзеге асырылу барысын аралап көрді. 

Өткен жылы қала әкімдігімен 912 млн теңгеге әуежай алдындағы алаңдағы автотұрақты абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, аяқталған болатын. Ал жобалық құны 1,7 млрд теңге құрайтын жаңа кірме жолды салу бойынша жұмыстар да аяқталып отыр. 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Председатель ФПРК: «Новая Конституция – закон, в котором ценность человека выше системы»
  • Н.Әуесбаев: Жаңа Конституцияда Президент өкілеттілігі бір рет қана 7 жылдық мерзім бекітіледі
  • Жаңа Конституция – болашақ ұрпаққа арналған берік қалқан – Самат Нұртаза
  • Ауданда мәселелер рет-ретімен шешімін табуда
  • Қырғызстан халқының саны 7,4 млн адамға жуықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер