Қала жастары әлем чемпиондарымен кездесті

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «ЖҰЛДЫЗДЫ 30 КҮН» жобасы аясында Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен қала жастары әлем чемпиондарымен кездесті.

image.png

Кездесудің мақсаты қоғамның қозғаушы күші - жастардың қазақ тариxында есімдері алтын әріппен жазылған кейіпкерлермен кездесуі - күнгейде әлі талай толағайдың шаршы алаңнан табылып, Чемпиондардың танылуына жол ашу. Бос уақытын тиімді пайдаланып, спортқа деген құлшыныс-құрметін еселеу. Сонымен қатар мүмкіндіктерін қалт жібермеуге күш-жігерлерін арттыру! 

Кездесу қонақтары каратэден халықаралық Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Дархан Асәділов, пауэрлифтингтен Қазақстан Республикасына Еңбегі сіңген спорт шебері, Әлем Чемпионатының 7 дүркін жеңімпазы Ксения Хан, кикбоксингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Әлем Чемпионатының 2 дүркін жеңімпазы Фазлиддин Сафаров. 

Айта өтетін ақпарат, еркін форматта өрбіген осынау кездесуге белгілі спортшылармен қатар, қаламыздың жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастары қатысты. Сонымен қатар игі шараға жергілікті БАҚ өкілдері де арнайы шақырылды.

Жиында жас толқын төрткүл дүние көз тіккен айтулы байрақты бәсекелерде жеңістің төрін бағындырып, Елдің көк туын көкте желбіреткен жандарға сауалдарын бүкпесіз жолдады. Бүгінде есімдері мен еңбектері әлемге әйгілі спорт шеберлері де тосылған жоқ, спорт саласындағы жетістіктерінің құпиясымен бөлісті..

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Текесу тұрғын алабында сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды
  • Координирующая роль в регионе во многом предоставлена именно Казахстану – политолог Эдуард Полетаев
  • Аким Шымкента вручил ключи новосёлам в рамках модернизации района "Зелёная балка"
  • Көксай шағынауданы тұрғындарына жаңа пәтер кілттері табысталды
  • Бүгінде Қазақстан теңізге шыға алмайтын ел санатына жатпайды — БҰҰ Бас хатшысы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер