Жомарт жанның қолдауымен спорт алаңшалары пайдалануға берілді

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында, бұқаралық спорттың дамуына ауқымды үлесін қосып жүрген Шымкент қаласының  Құрметті азаматы, кәсіпкер Серік Түлбасов Әл-Фараби ауданы аумағында алты  спорт алаңшасын  салып, халық игілігіне ұсынды.

image.png

Бүгін Қабанбай батыр көшесінде орналасқан 5 үйдің ауласында алтыншы спорт алаңшасының ашылу салтанаты өтті.   

Қолданысқа берілген спорт алаңшалары барлық стандарт талаптарына сай жабдықталған. Алаңшаларда  воркаут аймағы, фитнес, волейбол, баскетбол және кіші футбол ойнауға мүмкіндіктер жасалған.

Мемлекет басшысының бұқаралық және балалар спортымен айналысудың қолжетімділігін арттыру мақсатында, аудан көлемінде  жыл соңына дейін бюджет есебінен  25 спорт алаңшасы халық игілігіне берілетін болады. 

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Текесу тұрғын алабында сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды
  • Координирующая роль в регионе во многом предоставлена именно Казахстану – политолог Эдуард Полетаев
  • Аким Шымкента вручил ключи новосёлам в рамках модернизации района "Зелёная балка"
  • Көксай шағынауданы тұрғындарына жаңа пәтер кілттері табысталды
  • Бүгінде Қазақстан теңізге шыға алмайтын ел санатына жатпайды — БҰҰ Бас хатшысы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер