Өкпесі 80 пайыз зақымдалған науқас сауығып шықты

Шымкентте осы жылдың 3 қарашасында қалалық инфекциялық орталығына 41 жастағы тұрғын Жібек Батырова ауыр жағдайда түскен болатын. Дәрігерлер науқасты бірден жансақтау бөліміне жатқызып, тексеру жұмыстарын жүргізген. 

image.png

Компютерлік томография науқас өкпесінің 80-% зақымдалғанын көрсеткен. Бұған  қоса науқаста  ІІ-дәрежелі тыныс жетіспеушілігі болыпты. 

Инфекциялық ауруханаға жеткізілгенге 6 күн сырқаттанған. Үш күн «Мейірім» клиникасында ем алып, денсаулығының дұрысталмауына байланысты  Шымкент қалалық жұқпалы аурулар орталығына жедел жәрдем қызметі арқылы ауыстырылған. 

- «Науқастың түскен кездегі жағдайы өте ауыр болды. Өкпесінің 80-пайызы зақымдалған. Онымен қоса тыныс алу жетіспеушілігі де болды. Ауырғанына 1-аптадай болған. Оның соңғы 3-күнінде Мейірім клиникасында ем алған. Науқасты бірнеше дәрігер болып қарадық. Емдеу хаттамасы бойынша толық ем алды. Соның арқасында жағдайы дұрысталып, өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ» – дейді жұқпалы аурулар орталығының жауапты дәрігері Бекен Сырбекұлы.

Науқастың қазіргі жағдайы жақсы. Денсаулығы жақсарған науқасты дәрігерлер үйіне бүгін үйіне шығарды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Екпе аутизмді тудыра ма? Денсаулық сақтау министрі түсіндірді
  • Кәрім Мәсімовтәң зәулім үйі тәркіленді
  • Президент Әкімшілігі Алматы әкімі қызметінің тиімділігіне сараптама жүргізеді
  • В городе Шымкент проведена информационно-разъяснительная работа в сфере религии
  • Тоқаев: Қытай халқы қазақ халқына ешқашан зиян келтірген жоқ, болашақта да зиян келтірмейді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер