«Тәуелсіздік тұғырым» атты тур ұйымдастырылды

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған “Тәуелсіздік тұғырым” атты турымыз одан әрі өз жалғасын табуда. Турымыздың келесі кезекті қатысушылары - М. Жұмабаев атындағы №39 мектептің 6-сынып оқушылары. 

image.png

Турдың маршруты бойынша оқушылар музей экспозициясымен таныса отырып, тарихтан сыр шертетін “Зұлмат” фильмін тамашалап, саяси қуғын-сүргін құрбандары опат болған «Қасірет” мемориалының ашылу тарихы жайлы ақпарат алды. Сонымен қатар, оқушыларға қаламыздың ең биік солтүстік нүктесінде орналасқан Бәйдібек би ескерткішінің құрылысы мен сипаттамасы жайлы мағлұмат берілді. Турымыздың соңғы маршрутының Тәуелсіздік саябағында аяқталуы бекер емес. Себебі Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы, ел еркіндігі. Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл. Бұл –қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Текесу тұрғын алабында сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды
  • Координирующая роль в регионе во многом предоставлена именно Казахстану – политолог Эдуард Полетаев
  • Аким Шымкента вручил ключи новосёлам в рамках модернизации района "Зелёная балка"
  • Көксай шағынауданы тұрғындарына жаңа пәтер кілттері табысталды
  • Бүгінде Қазақстан теңізге шыға алмайтын ел санатына жатпайды — БҰҰ Бас хатшысы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер