«Тәуелсіздіктің ақ таңы» атты тақырыпта кездесу кеші өтті

Screenshot_10.jpg

Шымкент қаласындағы Абай атындағы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Парасат жолы» жобасы аясында «Тәуелсіздіктің ақ таңы» атты тақырыпта кездесу кеші өтті. Кешті кітапхана қызметкері Сейтжанова Назира жүргізді. Кештің мақсаты Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, ел тарихындағы елеулі мереке кезінде құр даңғаза мен ысырапшылдыққа жол бермей, әрбір шараны елге пайдасы тиетін нақты істерге ұластыру болып табылды.  Кештің қонақтары Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі  Момбек Әбдәкімұлы, Сабырбек Нұрманұлы. Желтоқсаншылар мүшесінің төрағасы Бейбіт Төлеметов, Сартаев Әбдурахман, Әбенов Нұрлан, Тұрлыбекова Сәуле, Оспанова Гүлмира, Шымкент Гарнизоны Әскери полиция бөлімінің Қаржы қызметінің бастығы аға лейтенант Ермеков Бақытжан Алибайұлы, Жол-көлік колледжінің оқытушысы Әбдікәрімова Ұлбосын,   жастардың уақытын тиімді пайдалану орталығының мұғалімі Марғуба Мұхтарқызы өзінің бір топ оқушыларымен  және М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің жанынан құрылған  «Ақиқат» пікірсайыс орталығының төреғасы Абжан Темірхан Германұлы қатысты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазгидромет: Аптап ыстық болады
  • Отбасының кірісі мен шығысы есептеледі: АӘК жаңа тәртіппен тағайындалады
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Ақорда резиденциясында қарсы алды
  • Starlink Қазақстанмен ресми түрде келісімге қол қойды
  • Мәжіліс депутаты Астанада жұмыс күнін сағат 7-ден бастауды ұсынды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер