Шымкенттіктер бокстан Әлем чемпионатының күміс жүлдегерін күтіп алды!

Бостан ересектер арасындағы Әлем Чемпионаты 2021 жылдың қазан айының 24 мен қараша айының алтыншы жұлдызы аралығында Сербия мемлекетінің астанасы Белград қаласында болып өтті. 

image.png

Аталған жарыста Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шымкент кәсіпқой бокс түрлері клубы" КММ-нің спортшысы Сабырхан Махмуд 54 келі салмақта ел намысын қорғаған болатын. 

Әлем чемпионатында Сабырхан Махмуд бес кездесу өткізіп, төртеуін де 

1)Корея спортшысы 5:0

2)Шотландия спортшысын 5:0

3)Бразилия спортшысын 5:0

4)Индия спортшысын 5:0 есептерімен жеңіп жеңіске жетіп, тек ақтық финалдық жекпе-жекте ғана Жапон боксшысына  ұтылып, күміс медальді қанағат тұтты.

Спортшымызды күтіп алу рәсіміне Шымкент қаласының әкімінің орынбасары Мақсұт Пернебайұлы қатысып, Махмұдқа үлкен жетістіктер тіледі, Парижде өтетін Олимпиада Ойындарына қатысып жеңімпаз болуына ниет етті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Председатель ФПРК: «Новая Конституция – закон, в котором ценность человека выше системы»
  • Н.Әуесбаев: Жаңа Конституцияда Президент өкілеттілігі бір рет қана 7 жылдық мерзім бекітіледі
  • Жаңа Конституция – болашақ ұрпаққа арналған берік қалқан – Самат Нұртаза
  • Ауданда мәселелер рет-ретімен шешімін табуда
  • Қырғызстан халқының саны 7,4 млн адамға жуықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер