«Жас өнерпаз» байқауы өтті

Шымкенттегі Дарын орталығында мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері арасында «Жас өнерпаз» музыкалық шығармашылық  байқауы өтті.  Байқауға Шымкент қаласының мектепке дейінгі 31 ұйымнан 57 тәрбиеленуші қатысты. 

image.png

Қаратау дәстүрлі өнер мектебінде өткен байқаудың негізгі мақсаты - балалардың шығармашылыққа деген талпынысын арттыру, дамуына қолдау көрсету, дәстүрлі әндерді дәріптеу. Сондай-ақ, ұлттық тәлім-тәрбиені жастардың бойына сіңіре отырып ізгілік пен адамгершілікке баулу.  

Байқауға қатысып, өнер көрсеткен өрендердің арасынан жеңімпаздар анықталып, марапатталды. Жеңімпаздарды Дарын орталығының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Джеренова Раушан Омарханқызы марапаттады. 

Байқау "Әнші балапан", "Биші балапан" және "Сәнқой балақай" номинациясы бойынша өткізілді. Жеңімпаздарға I, II, III дәрежелі дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Asar Baspana қаржы пирамидасының ісі сотқа жіберілді
  • Председатель ФПРК: «Новая Конституция – закон, в котором ценность человека выше системы»
  • Н.Әуесбаев: Жаңа Конституцияда Президент өкілеттілігі бір рет қана 7 жылдық мерзім бекітіледі
  • Жаңа Конституция – болашақ ұрпаққа арналған берік қалқан – Самат Нұртаза
  • Ауданда мәселелер рет-ретімен шешімін табуда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер