Ордабасыда ұрлаған телефондарды Шымкентте сатып ұсталды

Screenshot_3.jpg

Түркістан облысында 3 ұялы телефонды ұрлаған күдікті ұсталды. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ордабасы ауданы ПБ-ға жергілікті тұрғын ұрлықтың құрбаны болғандығы жөнінде арызданып келген. Онда сағат 04:00 шамасында белгісіз азамат үйіне заңсыз кіріп, кіреберіс бөлмеде қуаттағышта тұрған 3 бірдей ұялы телефонын ұрлап кеткенін көрсеткен. Яғни «Samsung Galaxy», «Huawei», «Samsung» маркалы ұялы телефондарын жымқырып, жалпы 200 мың теңге шығын келтірген. Аталған дерек ҚК 188-бабы «Ұрлық» қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркелді. 

Хабар алысымен оқиға орнына келген жедел-тергеу тобының қызметкерлері жақын маңдағы аумақтарды мұқият аралап, күдікті адамдарды іздестіру бойынша басқа да қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ордабасылық полицейлер бір тәулік ішінде күдіктіні "ізін суытпай" ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Белгілі болғандай ұсталған азамат бұрын бірнеше рет сотты болған жергілікті тұрғын екен. Күдікті ұрлап алған мүліктерді Шымкент қаласындағы базарлардың біріне сатып, ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған.  Бүгінгі күні ұрланған заттар заңды иелеріне қайтарылып берілді. 

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуға және өз үйі мен мүлкін қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Егер, сіз, қылмыстың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада полицияға хабар беріңіз.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Asar Baspana қаржы пирамидасының ісі сотқа жіберілді
  • Председатель ФПРК: «Новая Конституция – закон, в котором ценность человека выше системы»
  • Н.Әуесбаев: Жаңа Конституцияда Президент өкілеттілігі бір рет қана 7 жылдық мерзім бекітіледі
  • Жаңа Конституция – болашақ ұрпаққа арналған берік қалқан – Самат Нұртаза
  • Ауданда мәселелер рет-ретімен шешімін табуда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер