«Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының бағыттары мен міндеттері түсіндірілді

Screenshot_10.jpg

Бүгін «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының ұйымдастыруымен  «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының бағыттары және іске асыру тетіктерін түсіндіру бойынша онлайн форматта семинар өтті. Семинарға еліміздің барлық өңірлерінің Ішкі саясат басқармасының басшылары және «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңселерінің басшы, қызметкерлері қатысты.

Онлайн кездесуде жобаның бағыты, мақсаты,  міндеттері және іске асыру тетіктері таныстырылды. Ұлттық жобаның бірінші бағыты «Рухани жаңғыру» құндылықтарын ілгерілету және мемлекеттік тілді дамыту» бағыты. Бұл бағыт бойынша 38 іс-шара, 8 көрсеткіш көзделген. Екінші «Ел Рухы» бағыты – мәдениет саласында қолжетімділік пен сапаны арттыру,  13 іс-шара мен  5 көрсеткішке жету жоспарланған. Үшінші «Тәуелсіздік ұрпақтары» бағыты. Бұл – жастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашу және оларды қоғамдық пайдалы істерге тарту міндеттерін қамтиды.

Айта кетейік, «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы – Ақпарат және қоғамдық даму, Мәдениет және спорт және Білім және ғылым министрліктерімен жүзеге асырылады. Жобаның негізгі мақсаты –  Ұлттық кодты сақтап, мәдени бірегейлікті жаңғырту, ұлттық құндылықтар мен салт дәстүрді насихаттау арқылы- қоғамның мәдени денгейін, талғамын және рухын көтеру.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Asar Baspana қаржы пирамидасының ісі сотқа жіберілді
  • Председатель ФПРК: «Новая Конституция – закон, в котором ценность человека выше системы»
  • Н.Әуесбаев: Жаңа Конституцияда Президент өкілеттілігі бір рет қана 7 жылдық мерзім бекітіледі
  • Жаңа Конституция – болашақ ұрпаққа арналған берік қалқан – Самат Нұртаза
  • Ауданда мәселелер рет-ретімен шешімін табуда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер