Үздік кәсіпорындар марапатталды

Screenshot_13.jpg

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен «Көрме» орталығында әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті. Сондай-ақ, осы іс-шара аясында «Еңбек жолы» және «Парыз» байқауларының жеңімпаздары арнайы номинациялар бойынша марапатталды. 

— Қалада 112 кәсіпорын еңбек қауіпсіздігі бойынша ұлттық және халықаралық стандарттарды енгізген. Солардың арасында үшеуі арнайы сертификат алды. Бұл мегаполис үшін өте төмен көрсеткіш, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Қала әкімінің айтуынша, кәсіпорындарға қойылар талап үшеу. Біріншіден, жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, екіншіден, жұмысшыларды арнайы киіммен қамтамасыз ету, үшіншіден, азаматтарға еңбек қауіпсіздігі шарттарын үйрету. Шаһар басшысы баяндамасында айлық жалақыны төлей алмай қалу қаупінің алдын алатын механизмді жетілдіру керегін, кәсіподақ жұмысын күшейту қажеттігін және еңбек қауіпсіздігін сақтау мәселесі назардан түспейтінін қадап айтты.

Президенттің шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жариялауына қарамастан еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 21 кәсіпкерлік нысанда орын алған жағдайларға байланысты бақылау жүргізілді. «Халықтық бақылау жобасы» қолға алынып, оған Шымкент қаласынан 17 кәсіпорын енгенін, өндірістік жарақаттарды мүлдем болдырмау мақсатында құрылған «Vision zero» жобасы қарқынды ендіріліп жатқанын атап өтті.

Комиссия отырысының соңында «Ancon», «Су ресурстары – маркетинг», «ПетроҚазақстанОйлПродактс», «Mobil Plas Көмек» және «Химфарм» компаниялары «Парыз» конкурсының жеңімпаздары атанып, арнайы номинациялар бойынша Шымкент қаласы әкімінің қолынан бағалы сыйлықтарға ие болды. «Еңбек жолы» байқауының жүлдегерлері – Шымкент мұнай өңдеу зауытының қызметкері Рүстем Әбубәкіров, «Жоғары медицина колледжінің» тәлімгері Майра Сайлауова және «Химфарм» АҚ-ның жас маманы Яна Леденева тиісті аталымдар бойынша марапатталды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Текесу тұрғын алабында сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды
  • Координирующая роль в регионе во многом предоставлена именно Казахстану – политолог Эдуард Полетаев
  • Аким Шымкента вручил ключи новосёлам в рамках модернизации района "Зелёная балка"
  • Көксай шағынауданы тұрғындарына жаңа пәтер кілттері табысталды
  • Бүгінде Қазақстан теңізге шыға алмайтын ел санатына жатпайды — БҰҰ Бас хатшысы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер