Шымкентте биыл 30 көше жарығы LED шамдарымен алмасады

Шымкент қаласында жарықтандыру және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында заманауи энергия үнемдегіш LED шамдары орнатылуда.

image.png

Көше шамдарын қайта жаңарту жұмысы барысында 1 727 жарық шам мен  643 электр бағанасы ауыстырылып, 84 шақырымға жер асты кабелін тарту жоспарлануда.

Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының дерегінше, жыл соңына дейін 30 көшедегі түнгі жарық шамдар толық жаңарып,  LED шамдары орнатылады.

Жарық шамдары қайта жөнделетін көшелер ішінде Темірлан тас жолы мен Гагарин, Түркістан, Төле би секілді қаланың басты көшелерімен бірге елдімекендегі көшелер де бар. 

Одан бөлек, қалада ағымдағы жылы 104 көшеде жаңа жарықтандыру жүйесін орнату жұмыстары басталса, оның 54 көшесінде құрылыс жұмыстары аяқталды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекеттік наградалар қатарына Қожа Ахмет Ясауи ордені енгізіледі
  • Жаңа Конституция: Түркістанда әлеуметтік саясат пен отбасы құндылықтары талқыланды
  • Президент Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты
  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер