53 көпқабатты тұрғын үйде мүлік иелерінің бірлестігі құрылды

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2011 жылдан бастап, жалпы 87 көпқабатты тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілген. 

image.png

Биыл 22 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ұсыныс берілді. 7 үйге қаржы бөлініп, үйлердің шатыры, сыртқы қасбеті мен инженерлік жүйелерге жөндеу жұмыстары атқарылуда. 

Алдағы уақытта 37 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тұрғындардан 1-2 келісім хаттамалары әзірленуде. 

Сонымен қатар, бүгінге дейін аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен  көпқабатты үйлерде басқарудың жаңа нысанына көшу бойынша тұрғындармен 500-ден астам жиналыс ұйымдастырылды. Нәтижесінде, 53 көпқабатты тұрғын үйде мүлік иелерінің бірлестігі құрылып, қалалық әділет департаментінде тіркелді. Сондай-ақ, 295 тұрғын үйде жай серіктестік құрылды. 

Аудан аумағында көпқабатты тұрғын  үйлердің 53 %-дан астамы жаңа басқару түріне өтті. Қосымша мүлік иелерінің бірлестігін құру бойынша 33 көпқабатты тұрғын үйдің келісім хаттамасы жинақталуда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Asar Baspana қаржы пирамидасының ісі сотқа жіберілді
  • Председатель ФПРК: «Новая Конституция – закон, в котором ценность человека выше системы»
  • Н.Әуесбаев: Жаңа Конституцияда Президент өкілеттілігі бір рет қана 7 жылдық мерзім бекітіледі
  • Жаңа Конституция – болашақ ұрпаққа арналған берік қалқан – Самат Нұртаза
  • Ауданда мәселелер рет-ретімен шешімін табуда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер