Қала әкімі Әл-Фараби ауданында атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов жұмыс сапарын Наурыз шағынауданында жүргізіліп жатқан кәріз жүйесінің жұмысымен танысты. Әл-Фараби ауданындағы 64 525 абоненттің 86 пайызы кәріз жүйесімен қамтылса, 8309 (14%) абонент қамтылмаған. 

image.png

Наурыз шағынауданы тұрғындарын кәріз жүйесімен қамту үшін құрылыс жұмыстары мамыр айында басталған. Бүгінде Тайман, Еркіндік, Сүлейменов және Мейірбеков көшелері кәріз жүйесіне қосылды. Кәріз жүйесіне арналған құбыр Қазиев көшесіндегі коллекторға қосылады. Одан бөлек, Самал шағынауданын кәріз жүйесімен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Аталған шағынаудандардағы жұмыстар келер жылға өтпелі, жұмыстар толық аяқталғаннан кейін кәріз жүйесімен қамтылған абоненттер саны 58 072-ге жететін (90%) болады. Қазіргі таңда негізгі жұмыстар аяқталып, жолды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс барысымен танысқан қала әкімі көшелерді толық және сапалы түрде қалпына келтіруді, мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Asar Baspana қаржы пирамидасының ісі сотқа жіберілді
  • Председатель ФПРК: «Новая Конституция – закон, в котором ценность человека выше системы»
  • Н.Әуесбаев: Жаңа Конституцияда Президент өкілеттілігі бір рет қана 7 жылдық мерзім бекітіледі
  • Жаңа Конституция – болашақ ұрпаққа арналған берік қалқан – Самат Нұртаза
  • Ауданда мәселелер рет-ретімен шешімін табуда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер