Полицейлер зауытты тонаушыны Шымкентте ұстады

Screenshot_5.jpg

Түркістан облысының полицейлері кірпіш зауытына ұрлыққа түскен бұрынғы қызметкерді ұстады. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ордабасы ауданы ПБ-ға кірпіш шығаратын зауыттың басшысынан хабарлама келіп түскен. Онда белгісіз азамат мекеменің терезесін сындыру арқылы ішке еніп, 1 дана бейнеапаратын, 3 дана электр қозғалтқышын ұрлап кеткенін көрсеткен. Оған қоса құны 15 мың теңге тұратын терезесін сындырып, жалпы 385 мың теңге шығын келтірген. Аталған дерек ҚР 188-бабы «Ұрлық» қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша СДТБТ-ға тіркелді. 

Хабар алысымен полиция қызметкерлерінен құрылған топ оқиға орнына жедел жетті. Тәртіп сақшылары айналаны мұқият тексерді. Нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы полицейлер күдіктіні Шымкент қаласы көшелерінің бірінен ұстады. Істің ақ-қарасын анықтау мақсатында оны ПБ-ға жеткізді. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай күдікті аталған жайттан 2 күн бұрын жұмыстан шығып кеткен мекеменің қызметкері екені белгілі болды. Ол қолды еткен заттардың жартысын темір сататын жерлерге өткізіп, қалғанын өзі пайдалану мақсатында үйінде сақтаған. 

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарды сақ болуға шақырады. Егер, сіз, осындай жайттың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада "102" телефонына хабарласыңыз.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Текесу тұрғын алабында сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды
  • Координирующая роль в регионе во многом предоставлена именно Казахстану – политолог Эдуард Полетаев
  • Аким Шымкента вручил ключи новосёлам в рамках модернизации района "Зелёная балка"
  • Көксай шағынауданы тұрғындарына жаңа пәтер кілттері табысталды
  • Бүгінде Қазақстан теңізге шыға алмайтын ел санатына жатпайды — БҰҰ Бас хатшысы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер