Шымкентте 2023 жылдың соңына дейін 4 мың орындық 11 жатақхана салынады

Шымкент қаласында 2023 жылдың соңына дейін 4 мыңнан астам студентті орналастыруға арналған 11 жатақхана пайдалануға беріледі. Бұл туралы Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасынан хабарлады. 

image.png

Бүгінде Шымкент жастар қаласы ретінде танылып келеді. Мұнда  106 792 студент білім алуда. Оның 75 022-сі шаһардағы 8 жоғарғы оқу орнында оқиды. Сондай-ақ, 32 колледжде 31 770 студент бар. 

Мегаполисте студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Өйткені,  106 мыңнан астам шәкірттің шамамен 75 500-і Шымкентке көршілес аймақтар мен облыстардан келіп оқиды. Яғни, осынша студент жатақханаға орналасуы тиіс. Ал, қазір қалада жұмыс істеп тұрған 22 жатақхана 7 175 студентті қабылдай алады. Демек, баспанаға мұқтаж студенттердің 9,5 пайызы ғана қамтылған. 

Сол себепті бүгінде Шымкентте жатақхана құрылысына айрықша назар аударылып отыр.  Атап айтқанда, ҚР Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы арқылы жеке инвесторларды тарта отырып биыл 1 474 орынды 4 жатақхананы пайдалануға беру жоспарланған. Соның ішінде 1 100 студентті қабылдай алатын 3 жатақхана қыркүйек айында ашылды. Ал, М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың 374 орынды жатақханасы желтоқсан айында пайдалануға беріледі. 

Басқарманың мәліметіне сүйенсек, Шымкентте 2022 жылы 900 орынды 2 жатақхананы, ал, 2023 жылы 1 650 орынды тағы 5 жатахананы пайдаланға беру жоспарланған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазгидромет: Аптап ыстық болады
  • Отбасының кірісі мен шығысы есептеледі: АӘК жаңа тәртіппен тағайындалады
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Ақорда резиденциясында қарсы алды
  • Starlink Қазақстанмен ресми түрде келісімге қол қойды
  • Мәжіліс депутаты Астанада жұмыс күнін сағат 7-ден бастауды ұсынды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер