Рысқұлов көшесінің жолайрықтағы бөлігі ашылады

Рысқұлов және Қонаев даңғылы қиылысындағы жолайрық 10 қазан күні Қонаев даңғылы бойынша жол қозғалысы үшін ашылған болатын. Қазіргі таңда Рысқұлов көшесінің бір жақ бөлігін ашудағы соңғы жұмыстар атқарылуда. Қалған бөлігі мен жаяу жүргіншілер жолы қарашада аяқталмақ. Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады.

 image.png

Жыл өткен сайын Шымкенттегі қалаішілік жолдарда көлік кептелісі артып келеді. Әсіресе, орталық көшелерде белгілі бір уақытта көлік тығынын жиі байқауға болады. Мәселен, Т.Рысқұлов және Д. Қонаев көшелері қаланың бір шеті мен екінші шетін жалғайтын  ұзын көшелер. Салдарынан, мұнда көліктердің кептелісінен туындайтын мәселелер аз емес. Осы ыңғайсыздықтарды шешу мақсатында, қала әкімдігі Д.Қонаев-Т.Рысқұлов пен Бәйдібек би-Арғынбеков көшелерінің қиылысында жолайрық құрылысын салуды жоспарлаған болатын.

Зерделеу жұмыстарының нәтижесінде 2019 жылы Рысқұлов (Қонаев қиылысы) көшелерінің көліктерді өткізгіштігі 27 775 авто/тәулік болса, жол құрылысы аяқталғаннан кейін 65 820 авто/тәулік өткізу мүмкіншілігіне жоғарылайды деп күтілуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандықтар микроқаржы ұйымдарына 2,9 трлн теңге несие қарыз
  • Дархан Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды
  • Бүркітші қыз Түркістанда мұражай ашып, жастарды құсбегілік өнерге баулиды
  • Жамбылдық шенеуніктер қаржы жоқ деген желеумен балалардың спортпен шұғылдану кезегін заңсыз тоқтатқа
  • Beeline, Kcell және Tele2 ұялы байланыс операторына қатысты тергеу тоқтатылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер