Діни конфессия жетекшілері бас қосты

Бүгін -  Қазақстанда Рухани келісім күні.  Осы даталы мерекеге орай Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан діни конфессиялардың басшыларымен кездесті. 

image.png

Шара барысында тараптар өзара пікір алмасып, дінаралық қарым-қатынас мәселелерін талқылады.

Кездесуде сөз алған қала басшысының бірінші орынбасары 1992 жылдан бастап бұл күн елімізде атаулы күн ретінде аталып келетініне тоқталып, қаладағы діни конфессиялардың өзара ынтымақ-бірлігі мен қоғамдағы рөлін сөз етті. 

Басқосуда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақдаулет Абдрахманов, «Казанской иконы Божией матери» жергілікті православиелік діни бірлестігі  протоиерейінің көмекшісі Алексей Королевский және Шымкент қаласының «Агапе» Інжілдік христиан шіркеуінің пасторы Андрей Шаталовтар сөз сөйледі.

Жиын соңында конфессия өкілдері қала әкімінің арнайы алғыс хатымен марапатталды. Сонымен бірге Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен «18 қазан – Рухани келісім күніне» орай діни конфессия өкілдері арасында татулық пен келісімді нығайту, бұқаралық спортты насихаттау, салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында өткізілген кіші футбол жарысының 1 орын жүлдегерінің діни бірлестік жетекшісіне кубок табысталды. Шымкент қаласында 11 конфессияны білдіретін 118 діни бірлестік тіркелген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қытай COVID-19 пандемиясы туралы сенсациялық мәлімдеме жасады
  • Екпе аутизмді тудыра ма? Денсаулық сақтау министрі түсіндірді
  • Кәрім Мәсімовтәң зәулім үйі тәркіленді
  • Президент Әкімшілігі Алматы әкімі қызметінің тиімділігіне сараптама жүргізеді
  • В городе Шымкент проведена информационно-разъяснительная работа в сфере религии
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер