Футболдан аудан әкімінің кубогі сарапқа салынды

Тәлеусіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай және облыс әкімі Ө.Шөкеевтің аймақтарда футбол спортың дамыту тапсырмасына сәйкес, 2007-2008 жылдары туылған жасөспірімдер арасында футболдан аудан әкімінің кубогіне арналған жарыс өтті. «Салауатты ұлт – салауатты ұрпақ» атты ұранмен екі күнге созылған жарысқа көршілес Сайрам, Ордабасы, Төлеби және жергілікті жас былғары доп шеберлері қатысуда. Жалпы 10 команда өз ара мықтыны анықтады. Жарыс нәтижесі бойынша І-орынды Сәлік, Састөбе ауылдарының жөсөспірімдерінен құралған командасы иеленсе, ІІ-орынды Төлеби ауданының құрамасы, ал ІІІ-орынды Майтөбе ауылының №4 Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің оқушыларына бұйырды.  image.png

Салтанатты шараның ашылуына Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары А.Бердашев, аудан әкім Н.Байғұт және спорт саласының ардагерлері қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.   

Сондай-ақ, мерекелік шарада көп жылдан бері ауданымыздың спорт саласының, оның ішінде футболдың дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген С.Мамыровты зейнеттік жасқа жетуімен құттықтау рәсімі өтті.

image.png

Аудан әкімі Н.Байғұт және Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары А.Бердашев спорт саласынан зейнеттікке жетіп отырған Самет Мамыровты мерейлі жасымен құттықтап, қазақи дәстүрімізге сай шапан жауып, естелік сыйлық және құттықтау хат табыс етті.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Текесу тұрғын алабында сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды
  • Координирующая роль в регионе во многом предоставлена именно Казахстану – политолог Эдуард Полетаев
  • Аким Шымкента вручил ключи новосёлам в рамках модернизации района "Зелёная балка"
  • Көксай шағынауданы тұрғындарына жаңа пәтер кілттері табысталды
  • Бүгінде Қазақстан теңізге шыға алмайтын ел санатына жатпайды — БҰҰ Бас хатшысы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер