Руслан Манатаев ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Руслан Ерғалиұлы Манатаев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Oinet.kz ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

image.png

Руслан Ерғалиұлы Манатаев 1984 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін, М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын, Назарбаев Университетін бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы банкте кіші несие офицері болып бастаған.

2018-2020 жж. — "Транстелеком" АҚ АТ-шешімдер жөніндегі басқарушы директоры, телекоммуникациялар жөніндегі вице-президенті, басқарма төрағасының орынбасары.

2020 жылғы тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер