Шымкентте жеміс пен көкөністі қайта өңдеу және консервілеу зауыты салынуы мүмкін

Screenshot_1.jpg

Қазақстан Республикасында Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласында шикізат секторынан дайын өнім секторына өту бағытында инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Солардың бірін  Өзбекстан еліндегі «SLT» кәсіпорны қала әкімі  М.Әйтеновтің төрағалығымен  өткен инвестициялық штаб отырысында таныстырды.

Zoom жүйесі  арқылы қосылған инвестор мегаполисте  жеміс пен көкөністі қайт аөңдеу және коyсервілеу зауытын ашуды жоспарлап отырғанын  айтты. Оның айтуынша, өндіріс орны сағатына 3 тоннадан астам жеміс пен көкөністі қайта өңдеуге қауқарлы. Жобақұны 5,5 евро Құрал-жабдықтарТүркия, Бельгия, Германия және Италияда әкелінеді деп жоспарлануда. Зауыт іске қосылғанда онда 200 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Қазіргі уақытта келісімдер жүргізілуде.

Сонымен бірге инвестор көкөністер мен жемістерді өсіру үшін жер бөліп беруді сұрады.

Отандық өнiмдерге сұранысты арттыру үшiн тауар сапасына көңiл бөлу керектiгiн айтқан қала басшысы қазіргі экономикалық жағдайда нарықта бәсекеге қабілеттілік өте маңызды екенін айтты. Әкім жобаны жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндіктерді қарастыруды  тапсырды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер