Шымкентте зейнеткерлерге шипажайларға жолдама беру жалғасуда

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан әлеуметтік қолдау көрсету санатындағы азаматтарға шипажайларға тегін және жеңілдікпен жолдамалар беріледі. 

image.png

Биыл жолдама санына бөлінген 6174 азаматтың ішінен 2000-нан астамы Шымкент қаласының "Денсаулық" шипажайына, Түлкібас ауданының "Ақсу-Жабағылы" және Тараз қаласының "Айша бибі" шипажайларына жіберілуде.

Санаториялық-курорттық емдеу Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және оларға теңестірілген тұлғаларға, зейнеткерлік жастағы "Алтын алқа", "Күміс алқа" иегерлеріне 12 күнге тегін беріледі. Ал, зейнеткерлерге жолдама құнының 50 пайызын төлеумен, яғни 6 күнге беріледі. 

Бүгінгі күні қалада 82 821 зейнеткер тіркелген, оның ішінде ҰОС ардагерлері – 20, тыл ардагерлері – 3 153. Сондай-ақ, "Алтын алқа" және "Күміс алқа" иегері атанған 2377 зейнеткер бар.

Шипажайларға жолдама берілу жұмыстары мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырылады. Жолдама алу үшін Бәйтереков көшесі, 89 мекенжайы бойынша қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына өтініш қалдыру қажет. Жолдама кезек бойынша беріледі. Кезекке тұру үшін жеке куәлік және 068 нысанындағы дәрігерлік анықтама қажет.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызмет

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бүркітші қыз Түркістанда мұражай ашып, жастарды құсбегілік өнерге баулиды
  • Жамбылдық шенеуніктер қаржы жоқ деген желеумен балалардың спортпен шұғылдану кезегін заңсыз тоқтатқа
  • Beeline, Kcell және Tele2 ұялы байланыс операторына қатысты тергеу тоқтатылды
  • Еліміздегі қалаларда халық саны азайып жатыр
  • Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейде қамауға алынды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер