Түркістанда ерекше стела салынып жатыр

Облыс орталығы Түркістан қаласында сәулетті нысандар көбейе бастады. Қалаға кіреберісте «Түркістан» жазуы бар ерекше стела салынып жатыр. Биіктігі 11 метрге жететін, жалпы алаңы 28 метрге созылған стелаға 70 жарықшам орнатылады. Жаңа нысанның құрылысы жақын күндері аяқталады. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығындағы құрылыс алаңдарын аралап, жүргізіліп жатқан жұмыс барысын бақылады.

image.png

Облыс басшысы Түркістан қаласының әмбебап «ЭКО базар» мен автовокзал құрылысының айналасын абаттандыру жұмыстарымен танысты. Ғимарат айналасын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Жасыл аумаққа 5 мың ағаш отырғызылып, жарықтандырылады, суару жүйесі іске қосылады.

«ЭКО базарда» көтерме саудаға 450 орынға қойма, бөлшек саудаға 3500-4000 орынға лайықтап дүңгіршектер салынуда. Бүгінгі күні базар аумағына орналасуға кәсіпкерлер тартылып, ірі өндіруші мекемелермен келісімшарт жүргізілуде. Отандық кәсіпкерлермен қатар, жаңа базарда шетел кәсіпкерлері де өз өнімдерін саудаға салады.

Облысы басшысы құрлысы жүріп жатқан Ясауи көшесінің бойында орналасқан желілік саябақты аралады. Қаладағы Яссы көшесін күрделі жөндеу жұмыстары мен «Түркістан - арена» стадионының айналасын көгалдандыру барысымен танысты. Жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар берді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАСТАМА КӨТЕРДІ
  • ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БИЗНЕС ФОРУМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ
  • "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" – Жолдаудың басты ұраны талқыланды
  • Жолдаудың басты бағыттары түсіндірілді
  • Бексұлтан Абзал Ермаханұлы Мақтаарал ауданындағы “Жандос” шаруа қожалығында болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер