Карантиндік шектеу шараларының сақталуы күшейтілуде

Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу, қала  аумағында карантиндік шектеу шараларының сақталуын  күшейту  жөніндегі шаһар әкімінің  тапсырмасына сәйкес Қаратау ауданы әкімі А.Әліқұлов бүгін  ауданда құрылған  мобильді топпен бірге аудандағы  кәсіпкерлік нысандарын аралап, Шымкент қаласының Бас санитариялық дәрігері  қаулысының талаптарын  қатаң  сақтау қажеттігін түсіндірді. Кезекті мониторинг жұмыстары барысында аудан басшысы нысан иелері  мен қызметкерлеріне күнделікті  санитарлық талаптарды және  қаулыда  көзделген  тапсырмаларды бұлжытпай орындауды  тапсырды.  

image.png

Еске сала кетсек, Қаратау ауданы аумағында 1039 кәсіпкерлік нысандар бар. Қаратау ауданы аумағында 10 мобильді топ құрылып, карантин талаптарын сақтау туралы тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 

Мониторингтік топтың жұмыс атқару барысы БАҚ пен әлеуметтік желілерде жариялануда. 

2021 жылдың  қаңтар-шілде айлары аралығында мобильдік топ жалпы  карантин талаптарын сақтамаған 522 нысанды анықтап, тиісті шара қарастыру үшін Қаратау аудандық  тауарлар  мен  көрсетілетін қызметтердің сапасы мен  қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолдаған болатын.

Оның ішінде 488–іне әкімшілік айыппұл салынса, ал 34-і жұмыс үстінде. Толтырылған хаттамалардың жалпы соммасы 27 434 355теңгені құрайды.

image.png

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер