Түркістан облысының полицейлері заңсыз есірткі сақтаған мегаполистің тұрғынын ұстады

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі қылмысының алдын алу бойынша күнделікті тұрақты түрде рейдтік жұмыстар жүргізуде. Мысалы, осы бағыттағы шараларды жүргізу барысында, Сайрам ауданындағы кафелердің бірінің алдында  ер адам күдік тудырады. Содан соң оны тінту кезінде, шалбарының қалтасынан  6 дана пакетке оралған есірткіге ұқсас зат табылды. Анықталған өсімдік тәркіленіп алынып, сараптама тағайындалды.

image.png

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» бойынша тіркеді. 

Сараптама қорытындысына сәйкес, табылған зат «синтетикалық есірткі заты» болып шықты. Салмағы 4 грамға жуық. Анықталғандай, ер адам Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Қамауға алынды. Сайрам АПБ-мен тергеу жұмыстары жалғасуда.

image.png

Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін, қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер, сізде, есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияға хабарласыңыз.

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Екпе аутизмді тудыра ма? Денсаулық сақтау министрі түсіндірді
  • Кәрім Мәсімовтәң зәулім үйі тәркіленді
  • Президент Әкімшілігі Алматы әкімі қызметінің тиімділігіне сараптама жүргізеді
  • В городе Шымкент проведена информационно-разъяснительная работа в сфере религии
  • Тоқаев: Қытай халқы қазақ халқына ешқашан зиян келтірген жоқ, болашақта да зиян келтірмейді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер