Депутаттар халықпен бірге

Screenshot_4.jpg

Депутаттар - халық қалаулылары. Яғни халық арасынан шығып депутат болып сайланды. Олардың мәжіліс, мәслихатқа барғандағы басты мақсаты - халықтың мәселесін заң шеңберінде шешіп, өңірлерде өмір сүру сапасын арттыру. Осыған байланысты депуттар әрқашан ел аралап, халықтың мұқ-мұқтажын өз көзімен көріп, мәселенің оң шешілуіне ықпал етуде. 

Жақында Сайрам аудандық мәслихат депутаттары Қуатбеков Қадырбек Садықұлы және Жамалбеков Байсеит Жолдасбекұлы « Қарасу» БПҰ қабылдау бөлмесінде кезекті көшпелі қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындардың талап–тілектерін тыңдады.

Ақбастау ауылы, А.Байтұрсынов көшесінің тұрғыны Батаева Карима Кайшибаевна №33 М.Шойынбаев мектебінен А.Байтұрсынов көшесіне дейін жарықтандыру жұмыстарын жүргізу бойынша  көмек сұрап келді. Аталған мәселе бойынша  алдағы уақытта сметалық құжаттары әзірленіп, Қарасу ауыл әкімшілігі тарапынан бюджеттен қаржы қарастыру бойынша ұсыныс енгізілетін болады. Ал Ақбастау ауылындағы ипотекалық үйлер орналасқан аумақтағы ауыз су мәселесін көтерген Кенбаева Гулзухраның өтініші бойынша «Сайрам Тазалық» мекемесінің қызметкерлерімен тиісті жұмыстар жүргізіліп, ауыз су мәселесі бүгінгі таңда шешімін тапты. 

Қоғамдық қабылдаулар кестеге сәйкес үзіліссіз өткізіліп келеді. Өңірдегі өзекті мәселелер, тұрғындардың ұсыныс-тілектері партиялық бақылауда болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандықтар микроқаржы ұйымдарына 2,9 трлн теңге несие қарыз
  • Дархан Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды
  • Бүркітші қыз Түркістанда мұражай ашып, жастарды құсбегілік өнерге баулиды
  • Жамбылдық шенеуніктер қаржы жоқ деген желеумен балалардың спортпен шұғылдану кезегін заңсыз тоқтатқа
  • Beeline, Kcell және Tele2 ұялы байланыс операторына қатысты тергеу тоқтатылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер