Қарттардың өз аллеясы болады

Screenshot_1.jpg

Қазақ қашанда қариясын ардақтаған. Себебі қарияның жүрген жері - береке. Береке бастауындай болған қариялардың ақ батасын алу арқылы ісі алға басып, жұмысы дөңгелейді. Сондықтан да қазақта отбасы институтында жасы үлкен кісілердің маңызы өте зор болған. Оларға әрқашан құрмет көрсетіліп, барлық іс-шараға әспеттеп шақырып төрге отырғызған. 

Осы үрдіс әлі күнге дейін маңызын жоғалтқан жоқ. Жақында Сайрам ауданы, Қарасу ауылы,Жібек жолы көшесінің бойынан "Ардагерлер саяжолы" аллеясы ашылмақ. Бүгінде мұнда  құрылыс жұмыстары жүруде. Қаржы жергілікті ауыл бюджетінен қаралған. Яғни ауыл әкімдігі жоғарыдан тапсырма күтіп отырмай өз инициативасы арқылы туған жерінің қарияларына сый жасауды шешті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» мақаласында да қарт аналар мен аталарға барынша қолдау, демеу көрсетілу керектігі жазылған болатын. Елбасы мақаласында айтылған ойлар бүгінде жүзеге асып келеді.

Сайрамдағы ардагерлер аллеясын салуға мемлекеттік тапсырыспен жеңімпаз атанған мердігер мекеме "ҚарасуСтройИнвест" ЖШС 11млн теңгеге құрылыс жұмыстарын толық жүргізуі тиіс. Бұны Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев арнайы барып тексеріп нақты тапсырмалар берді.

Аллея шілде айының соңында пайдалануға берілмек.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Екпе аутизмді тудыра ма? Денсаулық сақтау министрі түсіндірді
  • Кәрім Мәсімовтәң зәулім үйі тәркіленді
  • Президент Әкімшілігі Алматы әкімі қызметінің тиімділігіне сараптама жүргізеді
  • В городе Шымкент проведена информационно-разъяснительная работа в сфере религии
  • Тоқаев: Қытай халқы қазақ халқына ешқашан зиян келтірген жоқ, болашақта да зиян келтірмейді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер