Ақтөбеде 3 жасар бала тірідей жанып кетті

Ақтөбе облысында 3 жасар бала аулада тұрған көлік ішінде тірідей жанып кетті. Жанында болған 7 жастағы ағасын өртке оранған автомобильдің ішінен алып шыққанымен, дәрігерлер аман алып қала алмады. Денесінің 80 пайызын күйік шалған ер бала да есін жимастан түнде аудандық ауруханада мерт болған. Ер балалар отбасындағы төрт баланың ортаншысы мен кенжесі болған, деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы.

Ақтөбе.jpg

- Қаладан медициналық авиация, құрамында реаниматоог, комбустиолог, травматолог дәрігерлер жіберілді. Барлық қажетті медициналық ем жасалды, бірақ, өкінішке орай көрсетілген емнің нәтижесі болмай, бала қайтыс болды. Тыныс алу жолдары, барлығын күйік шалған - деді Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Күштаева.

Қайғылы жағдай Әйтеке би ауданының Еңбек ту ауылында болды. Ағалы-інілі балалар аулада жүрмей тұрған жеңіл көлікте ойнап отырған. Сол сәтте көлік өртенген. Тілсіз жаудың неден шыққанын мамандар анықтап жатыр. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмай, бас-көз болуды ескертеді.

- Аулада тұрған ескі машина өртенген. Екінші бала біздің қызметкелер келген кезде машинаның сыртында болды. Өзі шыққан немесе туыстары шығарған - деді облыстық ТЖД басқарма басшысының орынбасары Нұрхат Қалдыбаев. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Starlink Қазақстанмен ресми түрде келісімге қол қойды
  • Мәжіліс депутаты Астанада жұмыс күнін сағат 7-ден бастауды ұсынды
  • Қазақстанда жаңа Су кодексі күшіне енді
  • Егіс науқаны – 2025:жүйелі өзгерістер
  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер