Түркістан облысында мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті

Елбасы Н.Назарбаевтың 2007 жылы 4 маусымдағы Жарлығымен  «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң қабылданған болатын. Осы заңға сәйкес 4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтуде. Осыған орай, Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. 

Screenshot_6.png

Қазақстандықтардың Мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттыру, өскелең ұрпақтың патриоттық санасын жаңғырту мақсатында  ұйымдастырылған шаралар барысында аудан, қала көшелерінде ту мен елтаңбаны көтерген автокөліктер шеруі, аттар керуені, флешмобтар өтіп, барлық мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік нысандарға тулар ілінді. Санитарлық талаптарды сақтай отырып жергілікті тұрғындар мен мектеп оқушылары, этнос өкілдері қатысқан мерекелік іс-шаралар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын шырқаумен өз жалғасын тапты.  

Облыс жұртшылығына рәміздердің шығу тарихы мен бейнелерін кеңінен насихаттауға бағытталған бейнероликтер әзірленіп, аудан, қала әкімдіктерінің ресми парақшалары арқылы кеңінен насихатталды. 

1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері ресми түрде бекітілген болатын. Ел Тәуелсіздігінің тұрақтылығының кепілі болған, елдің біртұтастығы мен тыныштығына тұтқа болған айтулы күннің орын алғанына биыл 29 жыл толды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер