Қырғызстан Үкімет басшысы мен оның мүшелері тағайындалды

201014165634483e.jpg

Қырғыз Республикасының Президенті Сооранбай Жээнбеков бүгін, 14 қазан күні «Қырғыз Республикасының Премьер-министрі мен Үкімет мүшелерін тағайындау» туралы Жарлыққа қол қойды. 

Қырғыз Республикасы Конституциясының 84-бабы, 5-тармағына сәйкес: 

— Жапаров Садыр Нургожоевич Қырғыз Республикасының Премьер-министрі;

— Новиков Артем Эдуардович Қырғыз Республикасының бірінші вице-премьер-министрі;

 — Мамытканов Мақсат Суйуналиевич Қырғыз Республикасының вице-премьер-министрі; 

— Исмаилова Аида Жекшенбаевна бұған дейін жүктелген міндеттерінен босатылып, Қырғыз Республикасының вице-премьер-министрі;

 — Сабиров Равшанбек Азатович Қырғыз Республикасының вице-премьер-министрі; 

— Аманбаев Бактыбек Абдилашимович Үкімет Аппаратының басшысы – Қырғыз Республикасының министрі; 

— Казакбаев Руслан Айтбаевич Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі; 

— Джаманкулов Марат Тургунбаевич бұған дейін жүктелген міндетінен босатылып, Қырғыз Республикасының Әділет министрі; 

— Мукашев Кыялбека Белекович Қырғыз Республикасының Қаржы министрі; 

— Муканбетов Санжар Турдукожоевич бұған дейін жүктелген міндетінен босатылып, Қырғыз Республикасының Экономика министрі;

 — Ниязбеков Ұлан Омоканович Қырғыз Республикасының Ішкі істер министрі; 

— Бейшеналиев Алмазбек Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрі; 

— Бейшеналиев Алымкадыр Савирдинович Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрі; 

— Бердалиев Бакыт Чырмашбаевич Қырғыз Республикасының Көлік және жол министрі; 

— Чодуев Эркинбек Урайымович бұған дейін жүктелген міндетінен босатылып, Қырғыз Республикасының Ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі және мелиорация министрі; 

— Ажикеев Бообек Эргешевич Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрі; 

— Қадырбеков Нуржігіт Қадырбековича Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат және туризм министрі; 

— Кочкоров Улукбек Тойчубаевич бұған дейін жүктелген міндетінен босатылып, Қырғыз Республикасының Еңбек және қоғамдық даму министрі; — Сагынбаев Жиргалбек Калмуратович Қырғыз Республикасының Өнеркәсіп, энергетика және жер қойнауын пайдалану мемлекеттік комитетінің төрағасы; 

— Исмаилов Алтынбек Джапарович бұған дейін жүктелген міндетінен босатылып, Қырғыз Республикасының Ақпараттық технологиялар және байланыс мемлекеттік комитетінің төрағасы болып тағайындалды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Биыл қар әдеттегі нормадан 2 есеге көп түскен
  • Көшпелі форматтағы қоғамдық қабылдаулар көбейіп келеді
  • Қарағандылық уланған балалардан ішек инфекциясы табылмады – Министр Ажар Ғиният
  • Қарағандыда балалар уланған орталықтың басшысы мен 12 қызметкер жұмыстан шеттетілді
  • Қазақстанның бірнеше аймағында жанармай тапшылығы туындады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер